Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Атырау облысында жүкті келіншек жанармай бекітінде босанып қалды

Атырау облысында жүкті келіншек жанармай бекітінде босанып қалды

    Атырау облысында жанармай қызметкер толғағы қысқан әйелді босандыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Жол бойында орналасқан «ҚазмұнайГаз» жанармай бекетінің кассир-операторы Жайнагүл Құрманбекова мен Тоқжан Орынбасарова жүкті әйелді босандырды. Олар өздері жас ана болғанына қарамастан, баланы өмірге әкелуге көмектесті.

«Кешкілік бекетке такси келді. Онда екі жүкті келіншек болды. Әйгерім есімді келіншектің бірінің толғағы қысып тұрғандықтан босандыруға тура келді. Әйел қалаға дейін 5 шақырым шыдай алмайтынын түсінгендіктен, көлікті бекетке тоқтатқызған», – дейді компанияның баспасөз қызметі.

Бекет қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, бекет ішін босандыруға дайындайды. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенше әйелге қолдау жасайды. Дәрігерлердің өзі бекет қызметкерлерінің дайындығына ерекше таңғалады. Солардың арқасында өмірге дені сау бала келді.

Компания жетекшілері баланың есімін Берекет деп қойды. Анасына 1000 литр АИ-92 бензинін берді.
04 шілде 2018 ж. 2 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 465 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам