Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТОЛЫМДЫ ПІКІРЛЕР ТОҒЫСТЫ

ТОЛЫМДЫ ПІКІРЛЕР ТОҒЫСТЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің профессоры, филология ғылымының докторы Жеңіс Сәдуақасұлы мәлімдеді.
Өткен жұмада Елбасының Жарлығымен арнайы құрылған комиссияның және жалпы халықтың талқысынан өткен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің түпнұсқасы бекітілген болатын.
Бұл Жарлық – еліміздің тарихында теңдесі жоқ аса мәнді де маңызды оқиғаны – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаған, Тәуелсіз еліміздің тәуелсіз тілдік таңбамен мәңгілікке қадам басуын айғақтаған, соны әлемге паш еткен құжат.
"Әліпби халықтың талқылауына түсіп, халықтың сын-ескертпелеріне ұшыраған алғашқы нұсқаға қарағанда осы соңғы нұсқа көкейден шықты. Соңғы нұсқасын қуана қолдадым. Біріншіден, мұнда қазақ тіліне тән дыбыстардың бәрі толық таңбалық жағынан қамтамасыз етілген. Екіншіден, төл дыбыстарымыз апостроф арқылы берілген. Осы тұста айта кететін бір нәрсе – кейбір азаматтарымыз апострофтың өзі жазуға қиындық келтіреді деп жатады. Ол дұрыс емес, себебі, апострофы бар дыбыс компьютерде бір таңба арқылы берілетін болады", - деді ғалым.
Елбасы жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер мен әдістемелік базаны дайындау қажеттігін айтып, Үкіметке оны кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жоспар әзірлеуді тапсырды.
"Қазіргі кезде мектеп оқушылары мен жастар үшін латын әліпбиін үйрену қиындық тудырмайды. Латын әліпбиіне оралу біз үшін экономикалық, саяси, мәдениет жағынан оң өзгерістер алып келіп, тәуелсіз еліміздің беделін одан сайын арттыра түседі", - деді «Өрлеу біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педогикалық қызметшілердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Сәкен Серікбаев.
01 қараша 2017 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (1480)

16 қазан 2018 ж.

№77 (1479)

13 қазан 2018 ж.

№76 (1478)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 757 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам