Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 80 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯҒА ҮЙ САЛЫП БЕРДІ

80 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯҒА ҮЙ САЛЫП БЕРДІ

    Апатты жағдайдағы шағын баспанада тұрып келген Сатыбалды атай қайырымды жастардың арқасында бас-аяғы екі айдың ішінде жаңа үйге көшіп кірді, - деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Өздерін "Ақтаудың қайырымды жандары" деп атайтын еріктілер тобы бастама көтерген сауабы мол шараға маңғыстаулық жүздеген жас белсенді атсалысқан. Бірі табиғат әсеріне төзімді үй шатырын әкеп берсе, енді бірі кірпішін қалауға жәрдемдесті.
Сатыбалды Алаев қабырғасы сөгіліп, қирағалы тұрған ескі үйін осыдан 50 жыл бұрын өзі тұрғызған екен. Соңғы жылдары іргетасы қаусап, тозығы жеткен шатырынан бөлме ішіне лай су аға бастаған."Жығылғанға жұдырық" демекші, қиын жағдайды термиттер мүлдем ушықтырып жіберді. Қаптаған сары құмырсқалар еден мен қабырғаны тесіп, жеп тастапты. Ал үйді жаңартуға жасы 80-нен асқан қарияның шамасы қайдан келсін. Үміт артып отырған жалғыз ұлының денсаулығы тағы жоқ, еңбекке жарамсыз. 
Еріктілер тобының белсенді мүшесі Алсұлу Өтешқалиеваның айтуынша, жомарт жүрек жастар осыған дейін де таныс атайға азық-түлік, киім-кешек әкеп көмектесіп тұратын болған. Бұл бастама өңірдің ерікті жастары лезде іліп әкетті. Биылғы жылдың мамыр айында басталған құрылысқа жүзге жуық адам атсалысқан. Кәсіпкер жастардан бастап, қарапайым тұрғындарға дейін қол ұшын берді. Бірі тасын түсіріп, енді бірі шатырын әкеп берсе, тағы бірі үйді көтеріп, ішкі-сыртқы қабырғасын сылаған. Тіптен, қайырымды жандар үй ішіндегі жиһазына дейін алып беріпті. Ауылдың қыз-келіншектері де көпшіліктен қалыспай, атайға қажет көрпе-төсегін тігіп берген. Екі бөлмелі жаңа үйге қоныстанған қарияның қуанышында шек жоқ.
17 шілде 2018 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам