Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ӨЗ ӨНІМДЕРІНЕН КӨРМЕ КӨРСЕТТІ

ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ӨЗ ӨНІМДЕРІНЕН КӨРМЕ КӨРСЕТТІ

 Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының аудан тұрғындары алдындағы есебі өзге аудандарға қарағанда ерекше басталды.
Есепті кездесу басталмас бұрын Палата сүйемелдеуімен бизнесін ашқан қазалылықтар кәсібін таныстырып, халыққа өнімдерін көрсетті.
Есепті кездесуде Палатаның Қазалы аудандық филиал директоры Ермек Аймаханов Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізіп, филиалмен атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісті.
Ағымдағы жылы филиал директоры мен кеңесшілері аудан кәсіпкерлерімен кәсіпкер болуға ниетті 1095 тұрғынға 3285 мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес берген. Кеңес алушылардың басым көпшілігі жұмыссыз азаматтар.
Кеңес беруде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттап, түсіндіру, кәсіпкерлерді құқықтық қолдау, несиені алу, мақсатты жұмсау және несиені қайтару мәселесіне басымдық берілген. Сонымен қатар, филиал тарапынан аудан кәсіпкерлеріне бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, статистикалық есеп құру, маркетингтік талдау жүргізу, заң қызметін көрсету бойынша 147 сервистік қызмет көрсетілген.
Мұнан өзге, филиал мамандарымен жыл ішінде жалпы құны 2 млрд.742 млн. теңгені құрайтын 44 жоба бойынша бизнес жоспар әзірленіпті. Аудандық филиалдың сүйемелдеуімен «Бастау Бизнес», «Бизнес кеңесші» оқу курсынан өткен 59 азаматтың жобасы қаржыландырылып, жаңадан 75 жұмыс орны ашылған.
01 қараша 2017 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 622 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам