Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "ШАБДАЛЫ" КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛЕДІ

"ШАБДАЛЫ" КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛЕДІ

  Ертең, 31 шілде күні сағат 14.00-де Қызылорда қаласындағы «Жібек жолы» ойын-сауық орталығының кино залында “Асыл арна” телеарнасының төл туындысы “Шабдалы” толық метражды көркем фильмі көрермен назарына ұсынылады. 
Көркем фильм биылғы XIV “Евразия" кинофестивалінің аясында 5 шілде күні көрерменге жол тартты. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай дайындалған туынды көрермен көзайымына айналып үлгерді.
Түсірілімі Жетісайда басталып, Шымкент пен Түркістанда жалғасқан туындыға белгілі жырау Алмас Алматов айтқан әңгіменің желісі арқау болды. Идея авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек. Режиссері – Жандос Құсайынов.
«Шабдалы» фильміндегі негізгі оқиға 2000-жылдары болған. Табысты заңгер болуды армандаған астаналық жоғары оқу орнының студенті оқу бітірген соң анасына ескертпей, Түркістан  облысы Жетісайдың азаматына тұрмысқа шығады. Бойжеткеннің анасы бұл әрекетке аса қуана қоймайды, себебі, қызының мансап құрып, жоғары қызметте істейтінінен үмітті еді. Әйел қолынан келгеннің барлығын жасап, қызын үйге қайтарудың амалын жасайды. 
Кейіпкерлерді Шолпан Елгезекова, Дархан Манақов, Айдана Қызылқұлова, Жарас Ахметов, Абай Аязбаев және т.б. сомдайды.
30 шілде 2018 ж. 1 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1654)

14 шілде 2020 ж.

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 656 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам