Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

 Қызылорда облыстық білім басқармасы мен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен колледж базасында «Латын графикасына көшу – болашақтың жарқын бағдары» тақырыбындағы облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты – латын әліпбиін қоғамға насихаттау, қолданысын кеңейту, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ету. Латын әліпбиіне көшудің алғышарттарын енгізу.
Семинарға қаладағы Техникалық және орта арнаулы оқу орындарының әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мен тарих және қоғамдық пәндер оқытушылары, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты. Алдымен колледж директорының міндетін атқарушы Ж.Тоғанова сөз алып, шараның мақсатын, латын әліпбиіне көшу мәселесінің өзектілігі және қоғамда қалыптасқан сан алуан пікірлерге қатысты өзінің оң көзқарасын білдіріп өтті.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы филология ғылымдарының кандидаты Б. Боранбай сөз алып, латын әліпбиінің Сыр өңірінде насихатталу жұмыстарына тоқталды. Колледждің «Лингвист» үйірмесі мүшелерінің «Латын графикасын меңгерудің тиімді жолдары» тақырыбындағы жұмыстары семинар қатысушыларының белсенділігін арттырып, латын әліпбиін тиімді қолдануға деген қызығушылығын оятты.
Семинарға қатысушылар қоғамда өткір қойылып отырған жалпыұлттық маңызы бар мәселе жайлы өзара пікір алмасты.
02 қараша 2017 ж. 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (1480)

16 қазан 2018 ж.

№77 (1479)

13 қазан 2018 ж.

№76 (1478)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 757 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам