Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫ САЯЖАЙЛАРДА КЕШЕНДІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ӨТТІ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫ САЯЖАЙЛАРДА КЕШЕНДІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ӨТТІ

  Қызылордалық полицейлер қалаға қарасты Пищевик, Ягодка, Дружба, Строительная саяжайларына рейдтік тексерулер жүргізуде. Аталған іс-шараға 42 қызметкер және 6 автопатруль жұмылдырылды.
Іс-шараның басты мақсаты- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жерінен ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.
Жыл басынан аталған саяжайларда бірнеше рет қысқа мерзімді іс-шаралар өткізілді. Дегенмен, полиция қызметкерлері рейдтік іс-шараларды жалғастырып жоғарыда аталған саяжайларда 149 үйді аралап, тұрғындармен кездесіп учаскелік полиция инспекторлардың визиткалары таратылды. Қалған тексерілмеген үйлер алдағы уақытта тексеріледі.
Іс-шара кезінде автопатрульдер рейд жүргізу барысында 6 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтады. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (қоғамдық орындарда масаң күйде жүру) 4 дерегі, 608 – бабымен (автокөлікті масаң күйде басқару) 1 дерегі, 612 – бабымен (автокөлікті құжатсыз басқару) 1 дерегі анықталып, құқық бұзушылардың барлығы жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қоса, ІІО-да тіркеуде тұрған 4 аңшы мылтығы бар қару иелері мекен –жайларынан тексерілді. ІІО-да есепте тұратын 8 тұлға тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Алдағы уақыттарда да саяжайларға кешенді рейдтік жұмыстар БАҚ өкілдерін тарта отырып жалғастырылады.
08 тамыз 2018 ж. 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

№27 (1526)

13 сәуір 2019 ж.

№26 (1525)

09 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 862 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам