Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САҒЫНТАЕВ ЭЫДҰ-МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

САҒЫНТАЕВ ЭЫДҰ-МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ


Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. 


Отырыс барысында 2019-2020 жылдарға арналған жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдың Ыстамбұл жоспары аясында Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою мәселелері талқыланды. 

Бұған қоса, биыл қараша айында Парижде өтетін Еуразия апталығы - 2018 шарасына Қазақстанның қатысу мәселесі қаралды. Бүгінде ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық бойынша 8 пысықталған жоба бар және 2 жоба дайындалу сатысында тұр. Олардың арасында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жер қойнауын пайдалану, цифрландыру, туризм және т.б. салаларға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған жобалар бар. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру және қабылданып жатқан шаралар аясында 2004 жылдан бастап ЭЫДҰ-ның субаймақтық бағдарламасы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдың Ыстамбұл жоспарына қатысады.  
08 тамыз 2018 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам