Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСЫ ЖОҚ 3,7 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҒЫН НЕСИЕ АЛДЫ

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСЫ ЖОҚ 3,7 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҒЫН НЕСИЕ АЛДЫ

  Сенатор Бақытжан Жұмағұлов Қазақстан Президентінің төртінші әлеуметтік бастамасы аясында жұмыссыз жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға шағын несие беруге бағытталған жұмыстарға оң баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төртінші бастама бойынша шағын несие көлемін арттыру үшін қосымша 20 млрд теңге қаражат бөлініп, жалпы сомасы 62 млрд теңгеге жетті. Былтыр жағдай мүлде басқаша еді», - деді Бақытжан Жұмағұлов Павлодарда «Нұр Отан» партиясы облыстық активінің отырысында. Сенатордың айтуынша, жұмыссыз жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 14 мың азаматқа шағын несие беру жоспарланған. Қазірге дейін 3,7 мың азаматқа жалпы сомасы 21,3 млрд теңге мөлшерінде несие берілді. «Жұмыстың басы жақсы басталды, бірақ қарқынды күшейту қажет. Қазір тамыз, республика бойынша жоспардағының 27%-ы несие алса, облыста бұл көрсеткіш 23%-ды құрайды немесе 148 адам», - дейді ол. Б. Жұмағұловтың айтуынша, Павлодар облысындағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды шағын несиеге тарту қажет.
09 тамыз 2018 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам