Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАЛСУАТ САЯЖАЙЫНА РЕЙД ЖҮРДІ

ТАЛСУАТ САЯЖАЙЫНА РЕЙД ЖҮРДІ

   Кеше 8 тамызда қызылордалық полицейлер қалаға қарасты Талсуат саяжайына рейдтік тексерулер жүргізді. Аталған іс-шараға 75 қызметкер және 6 автопатруль жұмылдырылды.
Іс-шараның басты мақсаты- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жерінен ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.
Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шараларды жалғастырып жоғарыда аталған саяжайда 290 үйді аралап, тұрғындармен кездесіп олардан келіп түскен проблемалық сұрақтар бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.
Іс-шара кезінде  автопатрульдер рейд жүргізу барысында 24 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтады. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (қоғамдық орындарда масаң күйде жүру) 4 дерегі,  505- бабымен (абаттандыру ережесн бұзу) 9 дерегі, 492- бабымен (мекен –жайы бойынша тіркеуде тұрмау) 3 дерегі, 593-бабымен (қауіпсіздік белбеуін тақпау) 8 дерегі анықталып, құқық бұзушылардың барлығы жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қоса, ІІО-да тіркеуде тұрған 30 аңшы мылтығы бар 23 қару иелері мекен –жайларынан тексерілді. Тексеру кезінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 484 бабымен (қаруды сақтау ережесін бұзу) 2 құқық бұзушылық анықталып, оларға қатысты әкімшілік айыппұлдар салынды.
 ІІО-да есепте тұратын 11 тұлға тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Аралау барысында ауылдық округте тиісті құжатсыз құрылыс жасап жүрген 3 шетел азаматтары анықталып, олардың жеке басын анықтау мақсатында ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына тапсырылды.
Алдағы уақыттарда  да бұл бағыттағы  жұмыстар жалғасын табады.



          Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
09 тамыз 2018 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 216 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам