Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР САЯЖАЙЛАРДА РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР САЯЖАЙЛАРДА РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

  Қызылордалық тәртіп сақшылары қала маңындағы саяжайларға рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақылау жұмыстары «Пищевик», «Ягодка», «Дружба», «Строительная» саяжайларында жүргізілді. Іс-шараға 42 қызметкер және 6 автопатруль жұмылдырылды. «Рейд кезінде  6 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтады. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабымен (қоғамдық орындарда масаң күйде жүру)  - 4, 608-бабымен (автокөлікті масаң күйде басқару) 1, 612-бабымен (автокөлікті құжатсыз басқару) - 1 дерегі анықталып, құқық бұзушылардың барлығы жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған облыстық ішкі істер департаменті таратқан хабарламада.

Рейд барысында ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған 4 аңшы мылтығы бар қару иелері де тексерілді. Сондай-ақ, ішкі істер органдарында есепте тұратын 8 тұлғамен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Естеріңізге сала кетелік, үстіміздегі жылдың 4 шілдесінде Қызылорда қаласындағы «Ягодка» саяжайында қылмыскер 9 жасар қызды зорлап, оны қорғауға ұмтылған анасын өлтірген болатын.  
10 тамыз 2018 ж. 19 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам