Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІЛІКТІ ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ ТІЗІЛІМІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУДА

БІЛІКТІ ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ ТІЗІЛІМІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУДА

Жылдан жылға мемлекеттік сатып алу заңнамасына кәсіпкерлер үшін маңызды көптеген өзгерістер енгізіліп, жетілдірілу үстінде. Осы орайда, кәсіпкерлерге жаңа заңнамаларды түсіндіру мақсатында Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты сала өкілдері мен кәсіпкерлер қатысқан дөңгелек үстел өтті.
Кездесуде талқыланған тақырып құрылыс саласындағы кәсіпкерлерге арналған, яғни құрылыс саласындағы компаниялардың білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне қатысты.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың бірі кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Айгерім Рахымжанова: «Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсатымыз – аймақтағы құрылыс саласындағы компанияларды білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізуге шақыру. 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімі нормасы қолданыста. Алайда облысымыздың құрылыс компанияларында бұл тізілімге ену үшін толық ақпарат болмағандықтан өтінімдер ұсынылмаған. Сол себепті кездесуге құрылыс саласындағы кәсіпкерлерді шақыра отырып, заңдағы артықшылықтарды түсіндірдік. Солардың бірі, келесі жылдан бастап, білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысқан кезде өздерінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды бермеуге құқылы. Тек, банкілік кепілдік ұсынса конкурсқа қатысуға автоматты түрде рұқсат алатын болады», - дейді.
Шарада облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Талғат Исмағұлов түсіндірме жүргізді. Палата бүгінгі таңда осы мүмкіндіктерді кәсіпкерлер арасында кеңінен түсінідіріп, жергілікті құрылыс компанияларын білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне қосылу жұмыстарына барынша сүйемелдеу жасауда. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
03 қараша 2017 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 586 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам