Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАЖАРСТАНДА «ТҰРАН» ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰРЫЛТАЙЫ БАСТАЛДЫ

МАЖАРСТАНДА «ТҰРАН» ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰРЫЛТАЙЫ БАСТАЛДЫ

  «Тұран» түркі халықтарының дүниежүзілік құрылтайына қатысушылар Мажарстан парламентінде қонақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Мажарстанның халықтық жиынының вице-спикері Шандор Лежак Түркі құрылтайына келген қазақстандық делегация - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі және «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаровпен кездесті. 
 Вице-спикер Шандор Лежак «Тұран» құрылтайы халықтарды біріктіріп, мәдени-гуманитарлық байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңызды шара екендігін атап өтті.  Парламенттегі кездесуде Мажарстандағы «Мадияр Тұран» қорының жетекшісі, мажарлық антрополог Андраш Биро құрылтайдың тарихына тоқтала отырып, ауқымды шараның ұйымдастырылып келе жатқанына биыл 10 жыл толғанын еске сала кетті. Ол құрылтайды ұйымдастырудағы Қазақстанның қосқан үлесін сөз етті. Кездесуден соң 30-дан астам түркі елдері өкілдерінің қатысуымен өткен Мажарстан парламентіндегі кеңейтілген жиында Шандор Лежак пен Андраш Биро сөз сөйлеп, «Тұран» халықтарының фестивалін ашық деп жариялады.  Сондай-ақ, ол түркі халықтарының басын қосатын құрылтайдың болашағына қатысты мәселелерді де сөз етті.   Айта кету керек, «Тұран» халықаралық құрылтайы екі жылда бір рет өткізіледі. Оған бүкіл Еуропа елдерінен 300 мыңнан астам турист жиналады.  
11 тамыз 2018 ж. 16 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 216 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам