Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ «ДЕНІ САУ АЙМАҚ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ «ДЕНІ САУ АЙМАҚ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

  Сыр өңірінде биылдан бастап дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық стандарт талабына сәйкес келетін «Дені сау аймақ» жобасы қолға алынды. Мұндай жоба еліміз бойынша тек Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Облыс әкімінің қолдауымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда 5 нақты міндет қойылған. Яғни, мұндағы басты мақсат - азаматтардың туылғаннан бастап, қартайғанға дейінгі денсаулығын қадағалау. Нақтырақ айтсақ, әрбір тұрғынның зиянды әдеттерден бас тартуы, тамақтануы, дене белсенділігінің артуы, қан қысымы ауруларының өлшемдік шегінің қойылуы, толық медициналық тексеруден өткізілуі, салауатты мектеп жобасының қатаң бақылануын қолға алуы назарда ұсталады. Міне, осы жоба арқылы тікелей азаматтармен жұмыс жасауға мүмкіндігіміз туады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова өңірлік коммуникациялар қызметінде. Нәтижесінде, қан айналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 20,5 пайызға төмендеді. Жалпы, облыс халқына 2488 дәрігер, 9301 орта буын мамандары медициналық қызмет көрсетеді. 2018 жылдың 6 айдағы қорытындысы бойынша, облыс деңгейіндегі дәрігер тапшылығы азайды.  

11 тамыз 2018 ж. 16 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам