Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР» АЛЛЕЯСЫ ЖӘНЕ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» МУЗЕЙ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

«ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР» АЛЛЕЯСЫ ЖӘНЕ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» МУЗЕЙ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сырдария ауданының 90 жылдық торқалы тойына алыс-жақын қалалар мен шетелдерден көптеген азаматтар келді. Мерейтой қонақтары «Парасат» алаңының ашылу салтанатынан кейін аудан орталығындағы «Тағзым» алаңында орналасқан «Құрметті азаматтар» аллеясы және «Еңбек Даңқы» музейінің жұмысымен танысты. 
 
Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған мақсат-міндеттер аясында ашылған Құрметті азаматтар» аллеясына «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленген 99 азаматтың есімі жазылған.
Ал, «Еңбек Даңқы» музейі негізгі үш бөлімнен тұрады. Музейде аудан тарихынан сыр шертетін құнды мәліметтер сақтаулы. Сонымен бірге, музей әрбір ауылдан шыққан атақты тұлғалар мен ауданның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігінен хабардар етеді.
Мерейтой қонақтары «Құрметті азаматтар» аллеясы және «Еңбек Даңқы» музейінің жұмысына жоғары баға беріп, естелік суреттерге түсті.



Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы


10 тамыз 2018 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 651 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам