Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 5 ОБЛЫС ТАЛАПКЕРЛЕРІ «СЕРПІН» ГРАНТЫМЕН АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ТҮСТІ

5 ОБЛЫС ТАЛАПКЕРЛЕРІ «СЕРПІН» ГРАНТЫМЕН АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ТҮСТІ

  Қазақстанның бес облысынан 100-ден астам талапкер «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында Ақтөбедегі жоғары оқу орындарына қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар орталығында Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университет проректоры Бибігүл Әбенованың айтуынша, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарының жастары «Серпін» жобасына қатысып отыр. Аталған облыстардан 134 абитуриент Ақтөбе облысында оқиды, оларға стипендия, жатақхана беріледі, оқуы біткен соң Ақтөбе облысында жұмысқа орналасады.
«Былтыр оқуды бітірген жастардың барлығы жұмысбасты болды, тек 10 қыз жас баласы болғандықтан, өздері қалаған жерге жұмысқа тұру туралы шешім қабылдады. Біз олардың барлығын өңірде жұмыспен қамтуға міндеттіміз, осы бағытта көп жұмыс атқарылды», - дейді проректор.
Университет өкілі былтыр да осы жоба бойынша 134 студент оқығанын жеткізді. Олар педагогика саласының 14 бағыты бойынша білім алған, ал биыл педагогикалық мамандықтардан тыс, техникалық мамандықтар да қолжетімді.
10 тамыз 2018 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

№27 (1526)

13 сәуір 2019 ж.

№26 (1525)

09 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 840 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам