Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған шара  2018 жылдың тамыз айының 8-10 күндері аралығында жүргізілді.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өткізілді.
3 күнде барлығы 1377 құқық бұзушылықтар анықталды.
Оның ішінде  42 дерек техникалық байқаудан өтпеген күйінде басқарғаны үшін ( 590 б.), 168  -көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін ( 591 б.), 186 – белгіленген жылдамдық мөлшерін арттыру ( 592 б.), 273 – қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ( 593 б.), 24   - көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ( 608 б.).
Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы жұмылдырылып облыс жолдарында автопатрульдер күшейтілген түрде жұмыс атқарды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

10 тамыз 2018 ж. 10 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам