Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЖАНҚОЖА БАБА КЕСЕНЕСІ

ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЖАНҚОЖА БАБА КЕСЕНЕСІ

Белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, аймақтардағы жергілікті өлкетанушылардың ұсынысы бойынша Қазақстанның 100 қасиетті орындары мен кешендерінің тізімі анықталғаны белгілі.
Еліміздегі барлық қасиетті нысандар "Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері", "Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар", "Діни және ғұрыптық орындар", "Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар", "Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар" болып бес топқа жіктелді.
Олардың қатарында Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. XIX-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтарының өктемдігі мен Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы шыққан халық батыры Жанқожа Нұрмахаммедұлының кесенесі де бар.
Қазақ даласында қазақ халқының бірлігі үшін болған шайқастарда, ерлікті, батырлықты, қайсарлықты көрсеткен, батыр әрі ержүрек қолбасшы Жанқожа бабаға арналған кесене Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен батысқа қарай 4 шақырымда орналасқан. Батыр кесенесі 1992 жылы халық батыры және көріпкел әулие Жанқожа Нұрмұхамедұлының құрметіне арналып қойылған. Кесене құрылысын салуға мекемелер мен кәсіпорындар, мыңдаған жекелеген азаматтар қаржылай көмек көрсеткен. Ескерткіштің іргетасына бетон блоктары төселіп, қабырғалары күйдірілген кірпішпен қаланған.
Арада қаншама уақыт өтсе де кесене келбеті көріктілігімен көз тартады. Бүгінде Қазалыға келген қонақтар мен аудан тұрғындары онда барып ниет етіп, баба рухына құран бағыштайды. Іргелі іс бастар кезде де ел азаматтары кесенеге бас сұғып, баба рухы желеп-жеберп жүргей деп дұға етеді. Отау құрып, жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлар да баба басына барып, бата тілейді.
Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығында орналасқан Жанқожа баба кесенесі маңынан аялдамалар, автожол бойынан көліктердің жылдамдығын тежейтін жол кедергілері орнатылып, кесенеге барар жаяу жүргіншілер жолы салынған.
11 тамыз 2018 ж. 14 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам