Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

  Кеше Арал ауданының әкімі М.Оразбаев аудандағы салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, мұқият тексеріп шықты. Алдымен қаладағы М.Сәдібеков көшесіндегі 300 орындық №14 мектеп құрылысы нысанында болды.
Қазіргі таңда ғимараттың қабырғасын қалау жұмыстары аяқталып, шатырын жабу және ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынуда.  
Сонымен қатар, аудан басшысы апатты жағдайда деп танылған екіқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына арнап салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен де танысты. Сондай-ақ, үйлердің су, жарық және газбен толық қаматамасыз етілуін қадағалауды тиісті сала басшыларына ескертті. Бүгінде 27 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Құрылыс нысандарында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер компания мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.


11 тамыз 2018 ж. 13 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам