Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛІМІЗДЕ «АРМИ-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ОЙЫНДАРЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ЕЛІМІЗДЕ «АРМИ-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ОЙЫНДАРЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

  Әлемнің 12 мемлекетінен келген сайдың тасындай іріктелген жігіттер 3 аталым бойынша бақтарын сынады. Олар әуелі артиллериялық оқ атудан өзара мықтыны анықтады.
Кейін «Сенімді қабылдау» жарысына қатысып, шапшаңдық танытты. Ал «Сұңқар салу» сайысында сарбаздардың мергендігі сыналды. Осылайша, 1 аптаға созылған додада Қазақстан жауынгерлері қырағылық көрсетіп, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Күміс жүлде ресейліктердің еншісіне кетті. Ал үздік үштікті Беларусь елінінің әскерлері түйіндеді. «Арми-2018» халықаралық әскери ойындары елімізде осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оған ұзын саны 360 жауынгер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Сарбаздарға берілетін тапсырмалар да қиындай түскен.
Айта кеткен жөн, «Арми-2018» ойындары іргелес мемлекеттерде де қатар өтіп жатыр. Мәселен, тап осындай сайысты Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Армения сынды елдер ұйымдастырған.
Самат Түлепбаев, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары:
-Өзге елден келген сарбаздар қазақстандық жауынгерлердің өнеріне тәнті болды. Олар біздің құрлық әскерлерінің шапшаңдығына, қырағылығына және аз уақытта нысананы дәл көздей алатынына куә болып, таңданыстарын жасырмады. Бұл ойындар жауынгерлердің шеберлігін шыңдап, бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Осы тұста басқа мемлекеттерде өтіп жатқан «Арми» ойындарында да қазақстандық сарбаздардың жақсы өнер көрсетіп жатқанын айта кету керек. Бұл біз үшін әрине мақтаныш.
11 тамыз 2018 ж. 17 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 216 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам