Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕКТЕПТЕ ТӨТЕНШЕ ОҚИҒАҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

МЕКТЕПТЕ ТӨТЕНШЕ ОҚИҒАҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

  Облыс орталығындағы №2 Мұрагер мектебінде 2018-2019 оқу жылына дайындық, топтасқан тағамнан улану, жедел ішек инфекцияларының, паразитарлық аурулардың және вирусты гепатиттің алдын-алу мәселелері бойынша семинар өткізілді. Аталмыш шараға мектеп директорлары, мектеп асханасын жалға алушы жеке кәсіпкерлер, балабақша меңгерушілері және медбикелер қатысты.
Семинарда қалалық қоғамдық денсаулық департаментінің бөлім басшысы Алма Шуақбаева республика көлемінде топтасқан тағамнан улану, жедел ішек ауруларының жағдайы жөнінде әңгімелеп берді. Мектеп асханаларына қойылатын талаптар бар. Сондай-ақ, мектеп асханасында түрлі оқыс жағдайдың алдын алу үшін бұл орындардың санитарлық талаптарға сай жасақталуы қажет. Ол үшін мектеп асханаларын тағаммен қамтамасыз етуші кәсіпкерлер бекітілген нормалар бойынша дұрыс жұмыс жасауы тиіс.
Екінші мәселе – мектептердегі өрт қауіпсіздік жағдайы жөнінде қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысының орынбасары Ғабит Бабаев хабарлама жасады.
Білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігін қаматмасыз ету манызды рөл атқарады. Себебі, өрт шыққан кезде тек материалдық залал ғана емес, балалар өміріне де үлкен қауіп болады. Өртке қарсы қызметтің негізгі әрі басты міндеті – адам өмірін сақтап қалу. Сондықтан бұл мәселеге немқұрайлылық танытуға әсте болмайды.
– Қала бойынша биылғы алғашқы жарты жылдықта 43 мектеп мекемесі тексерілді. Олардың ішінде 42-сі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны анықталды. Аталған білім ошақтарының басшыларына ескерту шарасы жасалған, – деді Ғ. Бабаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы және оқушылар арасында тағамнан улану, жедел ішек аурулары тіркелуі, оның алдын-алу мәселелері жөнінде өзара пікір алмасты.


Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
23 тамыз 2018 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (1642)

02 маусым 2020 ж.

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 051 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам