Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

   23 тамыз күні Құрылысшылар күніне орай өткен салтанатты жиында аймақтың үздік құрылысшыларына құрмет грамотасы, алғыс хаттар мен құрметті құрылысшы атағы табысталды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақтың осы салада қол жеткізген табыстарын атап өтті.
–Құрылысшылардың ерен еңбектерінің арқасында бүгінгі күні біздің өңіріміз құрылыс қарқыны бойынша алдыңғы қатарда келеді. Соңғы бес жылда 200 әлеуметтік нысанды пайдалануға бердік. Жалпы ауданы 2 млн шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне беріліп, 7 мыңнан астам қызылордалықтар қоныс тойын тойлады. Биылғы жылдан бастап тұрғын үй құрылысының «Орда» жол картасы жүзеге асырылатын болады. Облыс бойынша 1747 пәтерді құрайтын 69 тұрғын үйдің құрылысы, сонымен қатар, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын игеру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде, –  деді аймақ басшысы.
Қазіргі таңда, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында жеке инвестиция есебінен көпқабатты 18 тұрғын үйдің, «Болашақ» университеті кампусының, МЖК аясында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы және мемлекеттік бюджет есебінен Жастарға қызмет көрсету орталығының, электрмен, газбен, сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Биыл "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының бағдарламасы аясында аймақта 69 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл ауданы 123,3 мың шаршы метр болатын 1747 пәтерден құралады.


24 тамыз 2018 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (1592)

30 қараша 2019 ж.

№92 (1591)

26 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 321 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам