Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШИЕЛІДЕ КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

ШИЕЛІДЕ КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

   Ақ күріштің атасы, дала академигі атанған, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың елінде Сырдың басты дақылы, ел ырысы – күрішке орақ түсті.
Керделі ауылдық округіне қарасты «Халық» фермер қожалығының алқабында басталған бұл дала дүбірі үлкен салтанатпен аталып өтті. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы үлкен науқанды шарада құттықтау сөз сөйлеп, диқан қауымына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, еңбек ардагері Пердәлі Архабаев өз тәжірибесімен бөлісіп, тілектестігін білдірді. Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт майдангер Сәрсенбек Байжанов тілектестік білдірген ағайынға алғыс айтып, ақ батасын берді.
«Дән болса, ән болады» дегендей, алғашқы орақ салтанатында «Байсын» әжелер ансамблі егінжайды әсем әнге бөледі.Н.Бекежанов ауылындағы «Халық» фермер қожалығы бұл күндері аудандағы іргелі шаруашылықтың біріне айналып үлгерді.  
Халық Мыханов басшылық жасайтын «Халық» фермер қожалығы ауылдағы бірнеше ұсақ шаруашылықтың басын біріктіріп, бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігін дәлелдеді. Нәтижесі де жаман емес, биыл жалпы 1445 гектар жерге егін ексе, оның 800 гектары - Сыр маржаны.
Аудан ауылшаруашылығымен қатар, өндірісті де өрістетіп келеді. Дегенде, ауыл адамдары үшін диқаншылықтың орны ерекше. Сондықтан да егіс алқабында тер төгіп жүрген жерлестеріміздің еңбегі жанып, абырой биігінен көрінуіне мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетіліп келеді.




































27 тамыз 2018 ж. 1 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1654)

14 шілде 2020 ж.

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 655 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам