Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ӨТТІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ӨТТІ

  25 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Жаңақорған ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кенті, "Ордакент" ардагерлер, жастар ресурстық орталығы ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесіне халықтың сұранысы жоғары жер, әлеуметтік, білім, тұрғын үй, сәулет және құрылыс, ахаж, әділет, салық, көші-қон салалары бойынша қызметтер көрсететін уәкілетті органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталығы қатысты.
Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келген халыққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен олардың тиімділігі туралы кеңінен түсіндірілді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мемлекеттік органдар мен жеке мекемелерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге үлкен мүмкіндік береді.
Аталған жәрмеңкеде 10 жұмыс беруші мекемеден 27 бос жұмыс орны ұсынылды.
27 тамыз 2018 ж. 793 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (1616)

25 ақпан 2020 ж.

№14 (1615)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (1614)

18 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам