Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҮМІТКЕРЛЕР САНЫ БАСЫМ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҮМІТКЕРЛЕР САНЫ БАСЫМ

 Облыста мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқаратын 434 лауазымды тұлға бар. Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасағаны үшін – 11, аттестацияның теріс нәтижесімен – 14, тәртібіне байланысты – 1, өзге де себептермен – 1 адам қызметінен босатылған. Жалпы, аймақта 2000-нан астам адам мемлекеттік қызмет атқарады. Оның 7-уі саяси мемлекеттік қызметші болса, 8-і «А» корпусында, 2059-ы «Б» корпусының әкімшілік қызметкерлері. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Е.Сарымбетов мәлімдеді.
Бұл бағытта жұмыс жасайтындардың 94,9 пайызы жоғары білімді азаматтар. Биыл 147 қызметкер қайта даярлау, 346-сы біліктілігін арттыру курсынан өткен. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке алғашқы рет және қайта келген 104 тұлғаға 3 ай сынақ мерзімі бекітілген. Қазіргі таңда сынақ мерзімі аяқталған 67 тұлға жұмысқа қабылданған. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге үміткерлер саны басым. Осы тоғыз айдың ішінде мыңнан астам адам тестілеуге қатысып, олардың ішінде 39,4 пайызы шекті мәннен төмен емес нәтиже көрсеткен. Ал, құқық қорғау саласы бойынша 750 азамат қатысып, одан 41,9 пайызы тиісті баллды жинаған.
Сонымен қатар, жыл басынан бері бұл бағытта 800-ден аса бос лауазымдарға орналасуға конкурс жарияланған. Оған 1000-ға жуық адам атсалысса, жартысынан астамы талапқа сай келген. Нәтижесінде 131 үміткер жоғары, 104-і тең дәрежелі, 64 азамат төменгі лауазымға тағайындалған. Осы орайда биылдан бастап «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен аталған департаменттің бастамасымен «Жастар кадрлық резерві» жобасы қолға алынған еді. Жаңа жоба аясында бүгінге дейін 260 жас өз бағын сынасы, 53 маман қосымша кадрлық тізімге енгізілген. Олардың қатарында геодезист-картограф, агроном, зоотехник, электроэнергетик, агрохимик және гидротехник сында аса қажетті мамандық иелері бар.

Айдана СЕЙІЛ.


07 қараша 2017 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (1437)

15 мамыр 2018 ж.

№34 (1436)

11 мамыр 2018 ж.

№33 (1435)

06 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 811 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам