Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰЛЫ ДАЛАҒА ТАҒЗЫМ

ҰЛЫ ДАЛАҒА ТАҒЗЫМ

  Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясының екінші кезеңі болып өтті. Бұл жолы экспедиция мүшелері Қазалы, Қармақшы аудандарының киелі жерлері, тарихи-мәдени құндылығы жоғары нысандарымен танысты.
Топ құрамында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, директордың орынбасары Асылбек Жұмабаев, этномәдени бірлестік, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, ғылыми қызметкерлер мен БАҚ өкілдері болды. Экспедицияның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткен «Туған жер» бағдарламасы аясында туған өлкенің рухани құндылықтарын насихаттау.
Экспедиция мүшелері ең алдымен өзінің бүкіл өмірін тәуелсіздік жолындағы күреске арнаған Жанқожа батыр кесенесіне аялдап, батыр рухына тағзым етті. Оларға қаһарман қолбасшы туралы ақпарды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Нұрлыбек Мыңжас айтып берді.
Экспедиция мұнан соң оғыз мемлекетінің рухани астанасы – Жаңа қала, яғни Жанкент қалашығына аялдады. Онда топ құрамы көптеген қызықты, әрі құнды мағлұматтармен танысты. Көне шаһардың сырымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Сейдалы Біләлов бөлісті. Жанкент қалашығынан кейін экспедиция құрамы Қазалы ауданында орналасқан Ғани Мұратбаев мұражайын көрді. Биыл көрнекті қоғам қайраткерінің 115 жылдық тойы тойланды. Экспедиция мүшелері Ғани туған өлкенің, оның өмір сүрген кезіндегі қолданған заттарын, қолжазбалары мен жинақтарымен танысты.
Топ мүшелерінің соңғы аялдамасы киелі Қармақшы ауданында орналасқан Қорқыт ата мемориалды ескерткіші болды. Олар ескерткіш жанындағы жер асты мінәжат үйіне кіріп, баба рухына тағзым етті. Сондай-ақ, Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған амфитеатрды тамашалады.
Содан соң, 3 экспозициялық залдан тұратын мұражаймен танысып, ондағы Қорқыт өмірі мен мәдениетінен сыр шертетін құндылықтар мен жәдігерлерді тамашалап, естелік суретке түсті. Айта кету керек, мұражай қорында бүгінгі күні 700-ге жуық экспонат сақтаулы екен.
Осылайша барлығы 50-ге жуық адамнан құралған экспедиция мүшелері Сыр өңіріндегі рухани құндылықтар және тарихи жәдігерлерімен танысып, ой танымын кеңейте түсті.

Гауһар Асқарқызы.

07 қараша 2017 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 207 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам