Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛГІРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ 

ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛГІРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ 

 Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» атты облыстық байқауы өтті.
Бұл шара мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейі мен мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру және мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс этносы жастарын анықтау, оларды ынталандыру мақсатында қолға алынды.
Байқауға 18-22 жас аралығындағы облыстың Қазалы, Жаңақорған, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 9 талапкер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 3-курс студенті Елена Наумова І орынды жеңіп алса, Қазалы аграрлық-техникалық колледжінің 2-курс студенті Анастасия Романова ІІ орынды, Қызылорда жоғары медициналық колледжінің 2-курс студенті Нина Рузаева ІІІ орынды иеленді.
Ал, Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінің 1-курс студенті Светлана Казакова, «Болашақ» колледжінің 2-курс студенті Виктория Набиева және Сырдария аграрлық-техникалық колледжінің 2-курс студенті Евгения Кочерещенко ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқау жеңімпаздарына басқарманың дипломдары мен алғысхаттары, ескерткіш сыйлықтары тапсырылды.
Облыстық байқаудың жеңімпазы 2017 жылғы қараша айында өтетін «Тлі-парасат» байқауының республикалық кезеңінде облыстың намысын қорғайтын болады.
07 қараша 2017 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1432)

21 сәуір 2018 ж.

№29 (1431)

17 сәуір 2018 ж.

№28 (1430)

14 сәуір 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 634 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам