Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ҮШ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ

АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ҮШ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ

   Осы жылдың қарашасынан бастап, «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай», «Алматы – Қорғас» автомобиль жолдары ақылы болады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағаты кулуарында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз еліміздегі үш жол учаскісінің ақылы болатынын осыған дейін айтқанбыз. Яғни «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай», «Алматы – Қорғас» жолдары сынақ түрінде іске қосылды. 1 қарашадан бастап, олар ақылы болады», - деді министр.
Осы орайда ол болашақта 11 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жол ақылы болатынын атап өтіп, одан түске қаражатқа республикалық жолдар жөнделетінін айтты.
«Нәтижесінде, олардың есебінен 23 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді. Демек, оларға тиісті қаражат бюджеттен бөлінбейді», - деп нақтылады Жеңіс Қасымбек.
10 қыркүйек 2018 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

№35 (1534)

09 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 287 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам