Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ЖЕТІ МІНДЕТ

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ЖЕТІ МІНДЕТ

   Елдің әлеуметтік ахуалын жақсартуды көздейтін Елбасының жеті міндетінің негізі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін сапалы заң шығару жұмысын жалғастыру қажеттілігінде жатыр. Себебі, Елбасының әрбір үндеуі кез келген азаматтың мемлекетті дамытуға бастайтын әлеуметтік жобаларын қанағаттандыруға бағытталған.
Елбасының әрбір Жолдауларында белгілі бір міндеттер мен мәселелердің өз уақытында шешілуін қамтамасыз етуді көздейді. Бұған дейін жарияланған қазақстандықтардың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған бес әлеуметтік бастама жүйелі жүзеге асырылып келеді. Үндеудің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» деп аталатын бағытын жүзеге асыру біздің аймағымызда бірнеше жыл бұрын басталып-ақ кетті десем артық айтқандық емес. Соңғы жылдары Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артты. Соңғы 4 жылда тұрғын үй құрылысы облыс бойынша 3,5 есеге артса, Қызылорда қаласының өзінде бұл көрсеткіш 8 есеге артты. Бес бастамада баса айтылған тұрғын үй саласы жеті міндетте де жалғасқан.
Осы ретте шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарының маңыздылығын ескеріп, 2016 жылы VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының сессиясында жоспарлы бірінші мәселе болып қалада шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылуы және ағымдағы жылдың жоспарлы кезекті сессиясында депутаттар тарапынан айтылған ұсыныстардың орындалу барысы туралы мәселелер қаралғандығын ерекше атап өткім келеді. Облыс әкімінің биылғы жылды «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп басымдық бергені Елбасының бес бастамасы мен жеті міндетінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту, жұмыссыз тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті  дамыту туралы тапсырмаларына дөп келіп тұр.
Елбасының ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында атап өткен жеті міндетінің түпкі межесі – елдің тұрмыс-тіршілігін жақсарту. Бұл ретте халық қалаулыларына жүктелер жауапкершілік зор болмақ.
Сөздің түйіні ендігі жерде Елбасы саясатын ел мүддесіне сай жүзеге асырып, өнімді еңбек ету, өз мүмкіндігімізді толық пайдаланып, Қызылорда қаласын айшықты ордаға, озық өндірістің ошағына, жаңа дәуірдің салтанаты жарасқан қаласы ету Сіз бен біздің міндетіміз болып қала бермек.
Алдағы уақытта да Елбасының халық үшін қолға алған барлық бастамалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған салмақты саясатын Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттық корпусы қолдап, атқарушы билік, қоғамдық ұйымдармен бірлесе табысты үлес қоса бермек.


Роза БОХАНОВА,
қалалық мәслихаттың хатшысы.
10 қыркүйек 2018 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам