Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ МЕКЕНІ

БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ МЕКЕНІ

   Мағжан Жұмабаев ұлағатты бір сөзінде: «Ба­ла­ны тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығармай, ке­ле­шек за­ма­ны­на лайық етіп шығару ке­рек» деген екен. Қазір отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсаты – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда қаламызда 20 685 бүлдіршін мектепке дейінгі орындармен қамтылған. Бүгінгі күні қала бойынша 26мемлекеттік, 206 жеке балабақша бар.
Қазіргідей күн сайын қарыштап дамыған қоғамда бүлдіршін шақтан заман ағымына ілесе алатындай қабілетті жеке тұлға болып қалыптасу қажет. Оған бөбектердің тәрбие орнында бейімделетіні анық. Жақсы өмір сүруге талпыныс, ортаға икемділік, салауатты өмір салтына дағдылануды мектепке дейінгі білім ұйымдарында жас ұрпақтың зердесіне тоқиды.
Қаламыздағы «Сыр жұлдызы» балабақшасының меңгерушісі  Жанат Мұхаметқалиқызы бұл орайда:
– Қазіргі таңда 140 бүлдіршін тәрбиеленеді. Бізде 3 пен 5 жас аралығындағы өрендер бос уақытын тиімді өткізеді. Ұстаздардың бәрі – білікті ма­ман­дар.  Олардың қатарында 32 пе­да­гог қызмет етеді. Баланың жа­сы­на сай әртүрлі сабақтар өткізіледі. Со­ны­мен қатар, үштілділікті оқыту бойынша арнайы мамандар бар. Балабақшада құлағы нашар еститіндер мен тілінде бұзылысы бар, сөйлеу тілі дамымаған балаларға арналған инклюзивті сурдологиялық топ жұмыс жасайды. Мұнда 20 шақты бала тәрбиеленеді. Оларға арнайы тәрбиешілер сабақ үйретеді.
 Ән, би өнеріне ба­у­ли­мыз. Балаларымыздың тәртібі жақсы, алғыр да зе­рек. Ол үшін толықтай жағдай жасалып отыр. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойы­на сіңіруді алға қойып отырмыз. Мәселен, биыл «Тәй-тәй» технологиясы енгізілді.  Ол бойынша жұмыс істеуде балаларды көпшіл болуға, өз пікірін қалыптастыруға, жан-жақтылыққа тәрбиелейтініне көзіміз жетті. Ата-аналарға айтарым, бүлдіршіндер балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, олар сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық бол­май­ды, адам­дар­мен тез ара­ла­са­ды. Мұнда ең ал­ды­мен  тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің  ой­лау қабілеттерін ар­т­ты­ру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз, – дейді.
Балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті. Бүгінгі таңда облыс орталығындағы «Арай» мөлтек ауданында 280, сол жағалауда 320 орындық 2 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Бұл – Қызылордадағы мектепке дейінгі орталықтар қатарының артып жатқанының дәлелі.
Бүгінде қалада  бөбекжай кезегінде 3 мыңнан астам өрен бар. Оның басым бөлігін үш жасқа дейінгі бүлдіршін құрайды. Бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, қазіргі таңда 1-3 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту көрсеткішін арттыру  жұмыстары қолға алынуда. Осы бағытта сәбилер топтарын ашуға байланысты мүмкіндіктер қарастырылуда.


Айтолқын АЙТЖАНОВА.
10 қыркүйек 2018 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам