Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЙҚОҢЫРДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАЙҚОҢЫРДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

   Өткен аптада Байқоңырда Төретам, Ақай елді мекендері мен Байқоңыр қаласын дамыту мәселесіне қатысты кеңейтілген мәжіліс өтті. Келелі кеңеске аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев төрағалық етіп, мүдделі сала басшылары қатысты. Айта кету керек, Байқоңыр қаласы әкімшілігі тарапынан да Ресей Федерациясы өкілдері мәселені бірге талқылады.
Шарада кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов осы уақытқа дейін палатаға келіп, түрлі кездесулерде жиі айтылып, көтеріліп жүрген байқоңырлық кәсіпкерлердің проблемасын ортаға салып, баяндама жасады.
Сонымен қатар, көтерген мәселенің бірі – Байқоңыр қаласында тұратын кәсіпкерлердің несие алудағы қиындықтары. Оның айтуынша, Байқоңырда орналасқан ресейлік банктер қазақстандық кәсіпкерлік субъектілеріне несие бермейді. Негізгі себебі, құрылтайшыларда Ресей азаматтығының жоқтығы екен. Ал, қазақстандық банктер кепіл мүлік сұрайды. Алайда, Байқоңырдағы кәсіпкерлер өз аттарына аударып ала алмауы себебінен не жерін, не үйін кепілге қоя алмайды.
Палата директоры мәселені шешудің жолы ретінде кәсіпкерлерге жерді жалға ұзақ мерзімге беруді ұсынды. Ондағы кәсіпкерлердің мәселесі мұнымен шектелмейді. Кәсіпкерлердің келесі проблемасы – салыққа қатысты.
2017 жылы Қазақстан мен Ресейдің Байқоңыр қаласының статусына қатысты келісімге өзгерістер енгізілген хаттамасы күшіне енді. Хаттамада қосарлы салықты жою қарастырылған болатын. Бірақ, кәсіпкерлердің жағдайы жақсарудың орнына қиындай түсті. Бұрын олар Байқоңыр қаласында арнайы салықтық режим бойынша жұмыс жасайтын. Ол кезде бұл санатқа жататын кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізбей, қосымша құн салығы мен акциз төлемейтін.
Хаттаманың күшіне енуіне байланысты енді кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізіп, салық органдарына сырттан әкелінетін тауарлар бойынша есеп беруге мәжбүр болып отыр. Өйтпесе, Қазақстан территориясынан тауар кіргізгені үшін ресейлік ставкамен 18 пайыз қосымша салық төлеуі тиіс. Сонымен, мұндағы көтерілген әрбір мәселе аяқсыз қалмайтынын айтылды.
                                                                                      Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
11 қыркүйек 2018 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 586 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам