Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

САРЫАРҚА СЫЙЫ

   Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында Қызылорда облысындағы Астана қаласының мәдениеті мен өнер күндері аясында «Астанадан ақ тілек» атты қорытынды гала-концерті өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.                                                                     
      – Астана – Алаш жұртының асқақ айбары. Кеше ғана Еділден айырылған қазақ Есілден де айырылайын деп тұрғанда Еуразия төрінде, Сарыарқаның төсінде Елбасының бастамасымен заманауи Астана бой көтерді. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру қазақтың өз билігі өз қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдендіру мақсатында он ойланып, то­ғыз толғанып барып қабылданған тарихи шешім болды. Мыңжылдықтар тоғысындағы мұндай батыл шешім қазір қай қырынан алып қарасақ та дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеді. Құла даладан құбылаға бет түзеген, сәні мен салтанаты жарасқан Елордамыз тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың жүрегіне айналды. Сондықтан Астананың 20 жылдық мерейтойы – бұл мемлекетіміздің мерейтойы, жалпыхалықтық мереке, – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.                
      Сондай-ақ,салтанатты жиында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Сыр өңіріндегі ерекше даму қарқынын тілге тиек ете отырып, қызылордалықтардың Астананың 20 жылдығына арналған арнайы сыйы үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, биыл Елорданың 20 жылдығы мерейтойы құрметіне облыстан мерекелік тарту ретінде зымыран ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясы астаналық жұртшылықтың игілігіне берілген еді. Бүгінде аспан астындағы ғарыш алаңы жас қаланың туристік орындары қатарын толықтырып ғана қоймай, тарихи танымдық тағылымы мол дүниеге айналып үлгерген.                                
                                  Сыр мен Сарыарқа мәдени-рухани тұрғыда үндесіп, тоғысқан мерекелік жиында қазақ дәстүрлі өнерінің мәртебесі асқақтап, ән мен биден шашу шашылды. Әсіресе, Астана қалалық Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының орындауындағы Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйі, Біржанның әні «Айтбай», Шолпан Қорғанбектің «Аманат», Еділ Құсайыновтың «Бабалар сазы» сынды туындыларын өнерсүйер көпшілік жылы қабылдап, тік тұрып қошемет білдірді. Сондай-ақ, «Шалқыма» халық би ансамблі, дәстүрлі орындаушылар, Индира Расылхан, Алмас Кішкенбаев, Дос, Айгүл Иманбаева, Нұрғали Тұрлыбеков сынды отандық эстрада жұлдыздары кеш көркін одан әрі қыздыра түсті. Осылайша жиналған жұртшылық Ұлы даланың сырлы сазына сусап, ән қанатында қалықтап тарқасты.
                                                                                     Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
11 қыркүйек 2018 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам