Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ИГІЛІГІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРДЕ КӨРУДЕ

ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ИГІЛІГІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРДЕ КӨРУДЕ

 «Азаматтарға арналған үкіметтің» облыс бойынша филиал қызметкерлері автокөлік иелері арасында кең көлемді акция өткізді. Енді жүргізуші куәлігін ауыстыру мен көлік құралын тіркеу мемлекеттік қызметтерін Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта алуға болады.
Іс-шара бір мезетте облыс және аудан орталықтарындағы адам көп жиналатын мамандандырылған ХҚКО-да, көлік сататын базарларда, автосалондарда өтті.
 – Аталмыш қызметтерді онлайн-режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін Еgov.kz порталына кіріп, тиісті өтінімді толтырып, өзінің жеке электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қойса болғаны.
Бұрын көлік құралын сатушы және сатып алушы осы қызметті көрсетуге өтінім беру үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне бір уақытта барлық қажетті құжаттарымен баруы қажет болатын. Енді азаматтар үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде өтініш беру мүмкіндігіне ие болды, – деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияның облыстық филиал директорының орынбасары Айнұр Тобаева.
Айталық, көлік құралын сатушы порталда авторизацияланады, «Көлік және коммуникация» бөліміне ауысады және «Көлік құралының тіркеу үшін электрондық өтініш беру» деген қызметті таңдайды. Содан кейін қажетті көлік құралының тізімін анықтайды, алаңды толтырады және өзінің электрондық қолтаңбасын пайдалана отырып, қол қояды. Онлайн қызметі сатушының барлық айыппұлдары мен салықтарын толық төлеуді, өзекті техникалық қарап тексеру болуын талап етеді. Осыдан кейін, көлік сатып алушы порталының жеке кабинетіне ол өтініммен таныса алады және қызметалушыға «танысты, сұрау салуға өтуіне болады» деген хабарлама келеді.
Егер сатып алушы мәмілеге келісім берген жағдайда, ол төленбеген айыппұлдар мен салық берешегін болуына тексерілетін келесі қадамға барады. Сондай-ақ, осы кезеңде, сатып алушының жай немесе жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірін таңдауға мүмкіндігі бар. Ал, жүргізуші куәлігін ауыстыру тіпті оңай. Электронды порталда өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса жүктейсіз. Жеке кабинетте құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама алғаннан кейін мамандандырылған ХҚКО-ға барып тек дайын жүргізуші куәлігін алып кететесіз.
Мамандандырылған ХҚКО-ның құжат беру бөлімінде ауыстыратын ескі жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік баж төлегені туралы электрондық чек пен өтінішті ұсынады.
Жүргізуші куәлігінің мемлекеттік баж құны бұрынғысынша өзгертусіз қалды – 1,25 АЕК көлемінде, яғни 3 006, 25 теңге.
Егер сіз жүргізуші куәлігін мерзімі өтіп кеткеннен кейін ауыстыратын болсаңыз, онда сізге психоневрологиялық немесе наркологиялық диспансерден анықтама, 083-формадағы медициналық анықтама қажет болады. Айта кетейік, қызмет іске қосылғаннан бері 150-ге жуық қызылордалық жаңашылдықтың игілігін көріп, аталмыш қызметтерді онлайн түрде алған.
                                                                                                    Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ
11 қыркүйек 2018 ж. 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 586 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам