Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » РОБОТОТЕХНИКА МЕКТЕБІНДЕ 6 ЖАСТАН БАСТАП ОҚУҒА БОЛАДЫ

РОБОТОТЕХНИКА МЕКТЕБІНДЕ 6 ЖАСТАН БАСТАП ОҚУҒА БОЛАДЫ

   Қызылордалық жас кәсіпкер Серікбол Ералиев «Smart Generation» робототехника мектебін ашты. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпкерлікпен айналыспас бұрын ол қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының робототехника үйірмесіне жетекшілік етіп келді. Мектеп ашуға 2,4 млн теңге қаржы жұмсалған. Оның 500 мыңың «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастырған байқауда жеңіп алған.
Робототехника мектебіндегі сабаққа жасы 6-ға толған балалардан бастап кез келген ниет білдіруші жастар қатыса алады. Мектеп ақылы негізде. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін тегін. Сабаққа қатысушылар аптасына 4 сағаттан оқиды.
– Мектепті ашу қазіргі заманның талабынан туындады. Бүгінде робототехника саласы өте қарқынды дамып келе жатыр. Ақпараттық техника саласының мамандары зор сұранысқа ие. Ал оларды қалай дайындаймыз? Мәселе осында. Мамандарды қазірден бастап тәрбиелеуді қолға алғанды жөн санадық. Қажет құрал-жабдықтарды әр елден жинақтадық. Мәселен, кейбір құралдар Даниядан алдырылды, енді бірін Ресей, Қытай, Алматы, Астанадан жеткіздік. Мектепті ашқаннан кейін жұмыстың кешенді болғаны жөн. Сондықтан материалдық базаның толықтығына көңіл бөлдік, – дейді жас кәсіпкер.
Серікбол айына бір рет мектепте оқитын балалардың басын қосып, шара өткізуді ойға алып отыр. Ол бұл қадамын техникаға әуес балалардың момын, томаға-тұйық болатынымен, ал көпшілік шаралар олардың мінезін ашуға көмектесетінімен байланыстырады.
Мектептің ашылу рәсіміне қатысқан өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов:
– Қазіргі цифрланған қоғамды ақпараттық технология мамандарынсыз елестету қиын. Ал мұндай мамандар жастарды оқытуға ынта қойса, ерекше риза болады екенсің. Серікболмен көктемде таныстым. Сол кезде қалада робототехника мектебін ашқысы келетінін айтты. Инновациялық жобалар байқауына қатысып көрген, бірақ жеңіске жете алмады. Дегенмен, оған ештеңеге қарамастан істі бастауға кеңес берген едім. Серікбол сөзінде тұрды. Аядай ғана бөлме деп жас кәсіпкерді сынай көрмеңіздер. Бүлдіршіндердің қуанышы, ата-аналарының қызығушылығы жоғары. Бастамасына, алғашқы қадамына қарап іштей сүйсініп отырдым. Әріптесіме сәттілік тіледім. Біз де өз тарапымыздан қарап қалмаймыз. Не көмек керек, қолдан келгенше тырысамыз, – деді.
Қазірдің өзінде мектеп ашылатынын естіген 10-нан астам бала оқуға жазылған.
14 қыркүйек 2018 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам