Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ ФИЛЬМДІ ҚОЛДАЙТЫН ҚОР ҚҰРЫЛАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ ФИЛЬМДІ ҚОЛДАЙТЫН ҚОР ҚҰРЫЛАДЫ

    Қазақстанда алдағы уақытта ұлттық фильмді қолдайтын қор құрылады. Аталған қор қаржылай қамтамасыз ететін компания болмақ, ал "Қазақфильм" АҚ тек өндіруші компания болады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астана фильм академиясының ұйтқы болуымен елордадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық Заң университетінде өткен "Қазақ киносы: жас кинематогрофистер көзімен" атты дөңгелек үстел аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаменті директоры Күміс Сеиітова мәлімдеді, - деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Күміс Сеиітованың айтуынша, Қор ҚР Үкіметі жанынан құрылады.
"Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан ұлттық фильмді қолдайтын қор құрылады және ол қаржылай қамтамасыз ететін мемлекеттік компания болады. Ал "Қазақфильм" АҚ тек өндіруші компания болады деп жоспарланып отыр. Жаңадан құрылатын қор коммерциялық емес ұйым болады және түсірілетін фильмдерге қаражат бөледі", - деді департамент директоры.  
Жиынға Бейбіт Мамраев, Сауытбек Абдрахманов, Бекболат Тілеухан сияқты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, аталған министрліктің Заң қызметі департаменті директоры Күміс Сеиітова және басқа да жас кинематогрофистер қатысты.
Іс-шара барысында "Кинематография туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы талқыланды.
15 қыркүйек 2018 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам