Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Головкин “Канелодан” жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Головкин “Канелодан” жеңілісіне қатысты пікір білдірді

   Орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағынан айырылған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен қарымта кездесудегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
«Жекпе-жекте кімнің жеңіске жеткенін айтқым келмейді. Себебі төрешілердің шешімі бойынша жеңіс «Канелоға» тиесілі. Менің ойымша, бұл жанкүйерлер үшін тамаша жекпе-жек болды. Мен оған (ред. “Канело”) қарағанда әлдеқайда жақсы жұдырықтасамын деп ойладым», – дейді Головкин.
Сонымен қатар Геннадий Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізу туралы көзқарасы туралы сұраққа жауап берді.
«Шарттары дұрыс болған жағдайда – иә», – дейді қазақстандық боксшы.
Өз кезегінде Альварес те қазақстандық қарсыласымен тағы бір жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол екінші жекпе-жекте таза жеңіске жеткенін және әзірге жеңісінен ләззат алғысы келетінін айтты.
Айта кетсек, бүгін, 16 қыркүйекте, Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.
16 қыркүйек 2018 ж. 267 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам