Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қызылорда облыстық футбол федерациясына жаңа басшы сайланды. Енді бұл қызметті Қайрат Ерназаров атқарады.
Қ. Ерназаров «Метпроммонтаж» ЖШС директоры қызметінде келеді. Ол қалалық мәслихат депутаты болып сайланған.
1965 жылы 15 қаңтарда Қызылорда қаласы дүниеге келген. 1984 жылы Қызылорда политехникалық техникумын «гидромелиоративтік механикаландыру» мамандығы, 1991жылы Новосібір аграрлық университетін «ауылшаруашылық инженері» мамандығы, 2008 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Қызылорда облыстық Арал аймақтық ауылшаруашылық ғылыми институтының аға ғылыми қызметкерінен бастады. Осы еңбек жолында кәсіподақ комитетінің төрғасы қызметін қоса атқарды.
1993-1996 жылдары Қызылорда облыстық әкімшілік жанынан ашылған «Қызылорда сыртқы байланыс» мекемесінің директорының орынбасары, 1996 жылдан «Нұр-Сәулет» ЖШС бас директоры, 2000 жылдан «МетПромМонтаж» ЖШС құрылыс және гидромелиоративтік мекемесінің бас директоры қызметінде.
Қазақстан Республикасының Президентінің, облыс, қала әкімдерінің бірнеше рет алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеуде.
Бұған дейін облыстық футбол федерациясы басшысы қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Садық Мұстафаев болды. Ол басқа қызметке ауысуына байланысты федерация басшылығынан кетті.
Облыстық футбол федерациясы жиынында міндеттер сараланды. Алдағы уақытқа жоспарлар бекітілді.


07 қараша 2017 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1453)

10 шілде 2018 ж.

№50 (1452)

06 шілде 2018 ж.

№49 (1451)

03 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 114 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам