Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

    Қазіргі таңда жұмыс берушімен жалақыны уақытылы төленбеуі жөнінде мәселелер туындауда осыған сәйкес әрбір азаматтар жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерінің заңдылығын білуі тиіс.
1.Жалақы мәселесі бойынша ҚР-ның Еңбек кодексінің 113-бапқа түсіндіре өтсек, жалақы ҚР-ның ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында көзделеді.
Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем қарсаңында жүргізіледі.
Осы норма жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды. Жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдері еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің бірі болып табылады (ҚР ЕК 102-б.) және ҚР-да ратификацияланған, ХЕҰ-ның «Жалақыны қорғау туралы» №95 Конвенциясының (12,13-баптары) (Женева қ., 1949 жылғы 1 шілде) ережелеріне сәйкес келеді.
Яғни, жалақы ҚР-ның ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленуге тиіс.
Ол айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді.
Жалақы төленетін күн еңбек шартында көзделеді.
Кейбір ұйымдарда жалақы беретін күн ұжымдық шартта айқындалады, ал кейбір ұйымдарда (көбінесе ол, ұжымдық шарты жоқ және штаттағы жұмыскерлермен еңбек шарттары жасалмайтын мемлекеттік органдарда) төлемақы нормаларын ұстанады-өзінің нормативтік құжаттарында жалақыны төлеудің нақты мерзімдерін көрсете отырып, келесі айдың бірінші 10 күнінен кешіктірмей төлейді.
Көптеген ұйымдарда ұжымдық шарттарға немесе жұмыс берушінің актісіне сәйкес, жалақы төлеудің аванстық жүйесі пайдаланылады, бұл ретте айдың жартысында тарифтік мөлшерлеменің (лауазымдық айлық ақының) бір бөлігін қамтитын аванс және тұрақты сипаттағы (еңбектің зиянды жағдайлары және т. с. с.) өтемақы төлемдері төленеді, ал келесі айдың басында-ынталандыру төлемдерін қамтитын, қорытынды есеп айырысу жүргізіледі.
Сондай-ақ, түсіндірме беріліп отырған бапта жалақы беру күні демалыс немесе жұмыс емес күнімен сәйкес келетін, ерекше ережелер көздеген. Бұл жағдайларда жалақы демалыс немесе мереке күнінің алдында-жұмыстың соңғы күні немесе алдын-ала төленуге тиіс.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиісілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
Түсіндірме беріліп отырған бап жұмыс берушіні жалақы төлеу беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндеттейді.
            3. Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді.
Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.
Осы норма жұмыс беруші жалақыны толық немесе мерзімінде төлемегенде, оның жауаптылығын айқындайды.
Жұмыс берішінің жалақыны толық көлемде және ҚР-ның еңбек заңнамасында белгіленген мерзімде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінен төлемді кешіктірген кезеңі үшін өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі-лауазымды адамдарға-отыз, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-алпыс, орта кәсіпкерлік субьектілеріне-бір жүз, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне бір жүз елу АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК 87-б).
М.Сүйеубаев,
Еңбек саласындағы бақылау Басқармасының
Еңбек заңнамасының бақылау
бөлімінің әдіскері                                                                                                                       
 
01 қазан 2018 ж. 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (1545)

18 маусым 2019 ж.

№45 (1544)

15 маусым 2019 ж.

№44 (1543)

11 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 812 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам