Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 2019 ЖЫЛДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 2019 ЖЫЛДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін, Отанымызды өркендету жолындағы олардың маңызын жіті түсінуі тиіс. Оны біз жеткізе білуіміз керек. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымызды ортақ мақсатқа жұмылдыру аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болды. Қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне тың серпін берді. Оған қосымша «Бес әлеуметті бастаманы» айттық. Бұл бастаманы ары қарай жалғастырып қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен, жаңа бағыттармен кеңейтуіміз қажет», - деді Президент. Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау - мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиістігін атап өтті. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жариялады. 

05 қазан 2018 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (1480)

16 қазан 2018 ж.

№77 (1479)

13 қазан 2018 ж.

№76 (1478)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 741 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам