Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СТАЦИОНАРЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

СТАЦИОНАРЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

 Бүгін барлық аудандар арасында алғашқы болып Жаңақорған кенті орталығында стационарлық полиция бекеті ашылды.
Оған Жаңақорған ауданының əкімі Ғалым Əміреевтің тікелей қолдау білдірді. Бұл Жаңақорған ауданының прокуроры Нұрболат Дүйсенбаевтың бастамасы болатын.
Бұл Қызылорда облысының прокуратурасының қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Полиция – халыққа жақын» жобасы бойынша жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты – халыққа шұғыл көмек көрсету үшін полиция бекетін ашық жерге орналастыру. Учаскелік инспекторлар тәулік бойы қызмет көрсететін аймағы бойынша халықпен жұмыс жасайды, олардың өтініштерін қабылдайды. Кез келген құқық бұзушылықтар бойынша учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына шұғыл түрде жетеді.
Кент орталығындағы бейнебақылау камераларының басқару тетіктері осы жерге шоғырланатын болады. Одан бөлек, кент аймағында жаңа типтегі 2 учаскелік полиция пунктінің құрылысы жүргізілуде. Бұл пәрменді жұмыстар құқық бұзушылықпен қарсы күресте оңды нәтижесін береді.
08 қараша 2017 ж. 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 827 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам