Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САПАЛЫ БІЛІМ БИІКТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

САПАЛЫ БІЛІМ БИІКТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті Жолдауы халықтың әл-ауқатын көтеру мен әлеуметтік-экономикалық  жағдайды одан әрі жақсартуға, әлемдегі дамыған елдер қатарына кіру үшін қойылған нақты міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды. Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталатын 7-бағытында білім берудің жаңа сапасы туралы нақты тапсырмалар көрсетілген болатын. Бүгінгі Жолдау сол тапсырмалардың жалғасы іспетті.
Онда мектепке дейінгі білім берудің сапасына, еліміздегі барлық мектепте Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін қолдану қажеттігіне баса назар аударды. Сыр өңіріндегі Назарбаев зияткерлік мектебі және облыс әкімдігі арасында жасалған меморандумы аясында аймақтағы 46 инновациялық мектеп жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жасауда. Барлық білім беру мекемелерінің ұстаздары аталмыш оқу ошағының іс-тәжірибесіне негізделген курстан өтіп, жаңаша бағытта қызмет жасауға дайындығын пысықтады. Ал негізгі орта білім берудің мұғалімдерін даярлайтын колледждерде барлық пәндер бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қажетті іс-шаралар жүйелі жүргізіп келеді. Сондай-ақ, Елбасы білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнекамерамен толық қамту мен психолог жұмысын да назардан тыс қалдырған жоқ. Алдағы уақытта «Педагог мәртебесі» туралы Заң қабылдау да – еліміздегі барлық ұстаздар қауымына деген тың серпін берері сөзсіз.
Мұғалімнің қоғам алдындағы беделі артып, оны ең зиялы тұлға ретінде қабылдау көзқарасы  қалыптасу керек деп ойлаймын. Сонымен қатар, 2019 жылды Жастар жылы деп қабылдау – соңғы буын өкілдеріне жасалып отырған ең тамаша мүмкіндік. Олар – біздің негізгі қозғаушы күшіміз. Жастарға дұрыс өнеге беріп, оларды игі істерге бағыттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру – басты міндет.
Жолдау аясында алдағы міндеттер оқытушыларға жан-жақты түсіндіріліп, нақты орындалатын іс-шаралар жоспарын жасау тапсырмалары берілді.
Бақытжан САЙЛЫБАЕВ,
М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжінің директоры.
11 қазан 2018 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 132 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам