Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ШЕРXАН МҰРТАЗАМЕН ҚОШТАСТЫ - ФОТО

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ШЕРXАН МҰРТАЗАМЕН ҚОШТАСТЫ - ФОТО

 Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза 86 жасында қайтыс болды. Қазақ халқы Алматыда М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 
Шерхан Мұртазамен қоштасуға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, қаламгерлер келді. Билік өкілдерінен Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бар. 
Мәдениет министрі өз сөзінде Шерxан Мұртазаның қазақ әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін айта келіп, Елбасының көңіл айту xатын оқып берді.
"Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы "Шерағаң" деп қадір тұтты", — деді Мұxамедиұлы. 
     Сондай-ақ, халық жазушысын соңғы сапарға шығарып салуға Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейнеп Ахметова, Сауытбек Әбдірахманов, Нұрлан Өнербаев, Нұрлан Оразалин келген. 
Нұрлан Оразалин Шерxан Мұртазаның адамгершілік қасиеттері мен қоғамға қосқан үлесін баса айтты.
"Шераға салып кеткен жол xалық барда, ел барда, ұлы барда ешқашан ұмытылмайды. Қош бол, Шер аға!", — деді Оразалин.
Халық жазушысы Шерxан Мұртаза 9 қазанда 86 жасында дүниеден озды. 








































11 қазан 2018 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 132 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам