Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕМДЕ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ СЕЛФИ ЖАСАЙМЫН ДЕП 300 АДАМ ЖАН ТАПСЫРҒАН

ӘЛЕМДЕ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ СЕЛФИ ЖАСАЙМЫН ДЕП 300 АДАМ ЖАН ТАПСЫРҒАН

   Лайк жинаймын деп майып болған, я болмаса селфи  жасаймын деп жан тапсырғандар қатары артып кеткен. Ғаламдық зерттеу нәтижесі бойынша соңғы жылдары өзін-өзі фотоға түсіру кезінде көз жұмғандардың саны 300-ге жетіпті. Аталған трендпен күресу үшін тіпті бірқатар мемлекеттер арнайы заң қабылдауға бармақшы. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 
Халқының саны 300 миллионнан асқан АҚШ экстремалды селфимен күресті бастап кетті. Атап айтсақ, зәулім ғимараттар, тау мен тас, өзен мен көл жағасында  әдемі кадр үшін басын бәйгеге тігетіндерге тосқауыл қоймақ.
Фотоға түсемін деп көз жұматындардың саны біздің елде де өсіп келеді. Бірер жыл бұрын Өсмекенде жасөспірім селфи жасаймын деп Ертіс өзеніне секіріп кетіп, көз жұмды. Ағыстың қатты болғаны соншалық, оның денесі бір айдан соң, 18 шақырым жерден бір-ақ табылған еді. Мамандар жалпы селфиді кімдердің көп жасайтынын айтты.
«Өзін-өзі көрсету жұртқа. Яғни міне мен қандай кереметпін. Селфимен көбінесе кім айналысады? Өзін-өзі ешқандай бір, істе өзін-өзі көрсете алмаған кісілер селфиға бағынышты болып кетеді. Егер, сіз керемет маман болсаңыз. Егер, сіз керемет маман болып, өз ісіңізде бір жетістіктерге жетіп жатсаңыз, сіздің уақытыңыз болмайды, селфи жасап жұртқа таратып жүруге» - дейді психолог Айман Нұрмағанбетова.
Ғалымдардың зерттеуінше, күніне үш рет суретке түскен адамға «селфитис» диагнозын қоюға болады. Ал оның асқынған түріне фотосын әлеуметтік желіге салғысы келіп тұратындар жатады. Соңғысы  созылмалы. Бұған тәулігіне 6 суреттен артық фото салатындар кіреді.  
«Жастардың бір жағынан ол өмірі ғой. Біздің кезімізде болған жоқ ондай. Болғанда бізде түсуші едік».
«Селфи жасайды да. Сосын осындай апаттарға ұшырайды. Меніңше ол өте қауіпті. Олай істеп керек емес. Не себепті істейді оны? Жәй хайп үшін, танымал болу үшін істейді».
Тілдік қолданысымызға бұдан 4 жыл бұрын ғана енген «селфиді» қазір бәрі біледі. Әу баста қызығушылықпен басталған бұл әдет, аз уақыттың ішінде талай адамға дерт болып жабысты. "Оның жетегіне ергендер, бүгінде өз санасын өзі билей алмайтын күйге жеткен" дейді мамандар. 
«Лайк жинаған сайын, оның бойындағы бақыт гармоны, қуаныш гармоны ойнайды. Одан кейін соған тәуелді болып қалады. Кез келген нәрсеге тәуелділік бұл  ауру! Психикасы бұзыла бастайды» - дейді психолог ғалияш Махашева. 
Лайк жинаймын деп жан тапсырғандардың бірі Талдықорған қаласының тұрғыны. 15 жастағы қыз 8 қабаттан құлап кеткен болатын. Бойжеткен құрылысы аяқталмаған қонақ үйдің үстіне шығып, инстаграм желісінде тікелей эфирге шыққан екен. Көрермендерімен сөйлесіп жатқанда аяғы тайып, төмен құлаған. Жергілікті жұрттың айтуынша, аталған жерде осыған дейін де қайғылы жағдайлар тіркелген екен.
«Не бұл бітпеді, не салмады бұны балалар міне, қазір жасөспірімдер неше түрлі суицидтерге түсіп жатыр. Міне кеше ғана бір қыз селфи жасаймын деп құлап кетті» - дейді қала тұрғыны Хайыргүл Қайымова.
www.qamshy.kz
11 қазан 2018 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 132 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам