Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРМАҚШЫДА АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ ЖЫРАУ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

ҚАРМАҚШЫДА АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ ЖЫРАУ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

 Бүгін өнерді сүйген, жырауын ардақтаған Қармақшы елі үшін жыр шамшырағы – Шәмшат жұлдызы қайта жанған күн. Ақындық пен жыраулық өнердің туын тіккен, жүз жырауы жыр көшін жалғаған қасиетті Қармақшы жері бүгінде өнердің өміршеңдігін рухани жаңғырта білген қасиетті өлке. Ел есінде қайраткерлігімен, сөз шешендігімен, өшпес ерлігімен тарихи тағылымға айналған тұлғаларды мәңгі есте қалдыру мақсатында атқарылған игі істер аз емес. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №842 қаулысымен «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Шәмшат Төлепова есімі берілуі. Жиында арқалы ақын, Сырдың серісі С.Ыдырысов арнау арнаса, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, фольклор зерттеуші, профессор А.Алматов, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» Н.Салықов жиылған қауымды құттықтап, өнер саңлағының өмір жолы мен тарихына тоқталды. Салтанатты шара «Жыраулық дәстүр жалғастығы және Шәмшат әлемі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты. Конференцияда «Шәмшат–жыраулық-жыршылық өнер дәстүрінің шамшырағы» тақырыбында филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов, «Шәмшат Төлепованың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Алмас Алматов және «Сыр бойы жыршылық дәстүрінің жалғастығы және Шәмшат Төлепова шығармашылығы» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты Ерхан Карбозовтар баяндама жасап, айтулы шараның мәні мен мазмұнын арттырды. Айта кетейік, мұнан бөлек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №842 қаулысымен Тұрмағамбет ауылдық клуб үйіне жырау, Қуандық Бүрлібаевтың, Ақжар ауылдық клуб үйіне жырау Сәрсенбай Бөртебайұлының есімі берілген болатын.
09 қараша 2017 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1474)

25 қыркүйек 2018 ж.

№71 (1473)

22 қыркүйек 2018 ж.

№70 (1472)

18 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 632 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам