Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КҮРІШШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КҮРІШШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

    Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов пен Н.Жұмаділдаева Қызылорда облысына барды, деп хабарлады Baq.kz сайты. Депутаттар облыстың Ақсуат, Ақжарма ауылдарында және Тасбөгет кентінде, Қармақшы ауданының Ақжар, Тұрмағамбет ауылдарында және Жосалы кентінде, Жалағаш ауданының Мәдениет ауылында және Жалағаш кентінде, Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылының тұрғындармен кездесті.
Кездесуде депутат Нұртай Сабильянов жергілікті халыққа Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауының негізгі міндеттерін жүзеге асыру барысы туралы айтып, Жолдаудың жүзеге асуы Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететіндігін жеткізді.
Облыс тұрғындары тарапынан Елбасының Жолдауында белгіленген өңірлердің дамуына және халықтың өмір сүру сапасына оң әсер ететін шараларға қатысты оң пікірлер айтылды.
Сонымен қатар, депутат Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметі туралы сайлаушыларға ақпарат берді. Аудан тұрғындары өз кезегінде газдандыру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру нысандарын салу және басқа да мәселелерді көтерді. Сайлаушылар қойған сұрақтарға жауап берген депутат айтылған мәселелердің барлығын назарына алатынын жеткізді. Сапар барысында депутат Н.Сабильянов Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылының күрішшілермен кездесіп, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандармен танысты.
Сонымен қатар, депутаттар Қызылорда қалалық ауруханасы мен №3 қалалық емханасының медициналық қызметкерлерімен кездесті. Одан кейін, Қызылорда қаласындағы «Абзал и К» серіктестігінің күріш өңдеу зауытының жұмысымен танысты.
29 қазан 2018 ж. 709 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 982 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам