Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

МОЛШЫЛЫҚ ТОЙЫ

    Күз – байлық, береке, бірлік, ырыстың мезгілі. Сондықтан да оны алтын мезгіл деп атайды. «Елде болса ерніңе тиеді» демекші, қоңыр күзде халықтың қамбасы ырыс-дәулетке толы болды. Әрине, осыншама қыруар тірлікті көктемнің көкөзекті, ұзынсары күндерінде іске асыру оңай шағылатын жаңғақтай шаруа емес. Егіс алқабында соқасын сүйреп, дән  түйірін сепкен дала диқандарын қанша мараптаттасақ та оған лайықты.
Дала еңбеккерлерін марапаттау Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрында өткізілді. «Алтын дән» мерекесіне арналған салтанатты жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Ала жаздай атыз жағалаған еңбеккерлердің еңбегі «Алтын дән» мерекесінде еленді. Салтанатты шарада облыс әкімі ауылшаруашылығы саласының қызметкерлерін егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтап, сала бойынша үздік қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттады.
– «Алтын дән» – бұл еңбек мерекесі. Сондықтан бүгінгі шараны Социалистік Еңбек ері  Сәлима Жұмабекованы марапаттау рәсімінен бастау керек деп санаймын. Сәлима Жұмабекова кезінде ерен еңбек үлгісін көрсетті. Еңбекпен қатар 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана атанды. Қалың қазақ Сыр өңірін «Алаштың анасы» деп атайды. Ал біздің Сәлима Жұмабекованы Сыр анасы деп атауға толық негіз бар, – деді аймақ басшысы.
Еселі еңбекпен толайым табысқа кенелген ардақты жан Сәлима Жұмабекова осы уақытқа дейін көпқабатты үйде тұрып келген екен. Ендігі кезекте ол кең, жайлы үйге қол жеткізіп отыр. Ол облыс басшылығына қамқорлығы мен жаңа кең баспанасы үшін алғысын жеткізді.
  Салтанатты шарада аграрлық сала бойынша үздік аудандар мен қызметкерлер түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Биылғы «Алтын дән» мерекесі осылайша толайым тартуымен келіп жетті. Сыр диқандары ауа райының қолайсыздығы мен су тапшылығына қарамастан орақ науқанын абыроймен аяқтады. Осыған орай облыс орталығында мерекелік іс-шаралар өтті. Мереке аясында облыстың барлық аудандары мен қала төңірегіндегі елдімекендерінің қатысуымен дәстүрлі ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Аталған шараға облыс шаруалары 1500 тоннаға жуық ауылшаруашылығы өнімін әкелген. Оның ішінде көкөніс, бақша,сүт өнімдері  және балық, ет өнімдері бар.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған және Шиелі аудандары диқандары мен еңбекшілері алып келген ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін аралап көрді. Алты ай бойы аптап ыстық пен аңызақ желде тер төккен ағайынды егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтады.
– Мемлекет басшысының қамқорлығы арқасында соңғы жылдары облыстың аграрлық секторында серпінді даму динамикасы қалыптасып келеді. Соңғы 5 жылда бұл салада өндірілген өнім көлемі 16,4 млрд. теңгеге өсті. Осы жылдары ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 23, тамақ өнімдерін өндіруге салынған инвестиция 5 есеге ұлғайды. Биыл еңбекшілерге оңай соққан жоқ. Ауа райы сан түрлі құбылды. Әсіресе, мамыр-маусым айларында күн қабағы әдеттегіден салқын болды.
 Сонымен бірге, сумен қамтамасыз етудегі орын алған қиыншылықтар облыста аса күрделі жағдай қалыптастырды. Десек те, «Егінші мәрт, жер жомарт» дегендей, диқандар жаңа заманауи астық жинайтын техникаларды тиімді пайдалана отырып, ұйымшылдықпен аянбай еткен еңбектің арқасында астықты ысырапсыз жинап алды. Міне, бүгін біз дала еңбеккерлерінің жемісті еңбектерінің мерекесін шат көңілмен тойлаудамыз. Биыл да соңғы жылдағы қарқынды сақтай алды, 500 мың тоннаға жуық Сыр маржаны ел қазынасына құйылды, – деді аймақ басшысы.         
                                              Айтолқын АЙТЖАНОВА.
30 қазан 2018 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 983 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам