Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ӘЛЕУЕТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үнемі білім саласына баса назар аударады. Дәл бүгінгі заманауи білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті, жан-жақты жастарды дайындау. Осы орайда түрлі тақырыпта семинарлар өтуде. Соның бірі – «Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызмет жүйесі» атты әдістемелік семинар. Облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға білім саласынан 40-тан аса әлеуметтік қызметкер қатысты.
Шарада орталықтың әлеуметтік педагогика бөлімінің әдіскері Нұржамал Раханова сөз алып, бағдарламалармен таныстырып өтті.
– Мұндағы басты мақсат – әр тұлғаның психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, өмір сүруін, оның қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу. Сондай-ақ, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, дер кезінде әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау, – деді Н.Раханова.
Сондай-ақ, №112 орта мектептен келген Гүлжазира Жалғасбекқызы әлеуметтік педагогтың құжаттамалары жайлы кеңінен түсіндірді. Ол заңға сәйкес қалай орналасу керектігі, нормативтік құжаттан бастап мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жоспарлары, тегін тамақты қандай заң бойынша жүргізу жұмысына тоқталды. 
Нарық жағдайында оқытушыға қойылатын талаптар бар. Яғни, олардың бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының, кәсіби және әдістемелік жұмыстағы шеберлігінің жоғары болуы тиіс. Сол кезде жан-жақты білікті, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық, рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға бола алады. Айталық, №253 орта мектеп әлеуметтік қызметкері Фариза Әбзиева оқыту мен тәрбиелеуде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қорғау жайында атап өтсе, №183 орта мектептен келген Гүлжайна Ерекешова отбасында бала тәрбиесіне ықпал ететін әлеуметтік факторларға тоқталды. Ал, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның әлеуметтік қызметкері Зәуретай Қуанышбаева мектепте әлеуметтік-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын баяндап берді.
                                                                             Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
30 қазан 2018 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам