Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ПОЙЫЗДЫҢ ІШІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ

ПОЙЫЗДЫҢ ІШІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ

    Маңғыстау – Астана бағытындағы пойыздың купесінде екі баланың үстіне полка құлады.  Төтенше жағдай 2 қараша күні болған. Пойыз жүріп бара жатқан кезде купе вагонының жоғарғы полкасы кішкентай балалардың үстіне құлап кеткен, деп хабарлайды ИнАқтау порталы. Зардап шеккен балалардың анасының айтуынша, полканың ауыр болғаны сондай, ол оны өзі көтеріп, балаларын астынан шығарып ала алмаған. Көмекке үш ер адам келген. 
"Балаларымның маңдайы жарылды, бас жарақатын, гематома алды. Екеуінің де миы шайқалған", — дейді әйел.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ төтенше жағдайдан кейін пойыз бригадасы бірден балаларға алғашқы көмек көрсеткенін хабарлады. Ал жақын маңдағы стансаға жедел жәрдем бригадасы шақыртылған. 
Дене жарақатымен қоса психологиялық соққы алған балалар қазір емделіп жатыр. Олардың еміне қажетті ақшаны "Жолаушылар тасымалы" АҚ келісімшарт бекіткен сақтандыру компаниясы төлейді. 
"Жолаушылар тасымалы" АҚ төтенше жағдай үшін кешірім сұрайды және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді", — дейді компаниянның ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 
Сондай-ақ ол таяу арада ТЖ болған құрамның барлық вагоны тексерілетінін атап өтті.
sputniknews.kz


08 қараша 2018 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 984 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам