Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ. СИНОПТИКТЕР ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ. СИНОПТИКТЕР ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

  Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 9 қарашада бірнеше өңірде жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. 9 қарашада Көкшетауда көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде де көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с күшейеді.   Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Өскеменде де жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) жауып, бұрқасын,  көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Семейде жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

08 қараша 2018 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

№27 (1526)

13 сәуір 2019 ж.

№26 (1525)

09 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 859 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам