Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

 «СМП-Қызылорда» ЖШС құрылыс компаниясы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының Қызылорда облысы бойынша алғашқы қатысушысы атанып отыр. Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында компания жобасына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім шығарылды.
«СМП-Қызылорда» ЖШС 2002 жылы құрылған. Компания негізі қаланған уақыттан бері облыс көлемінде көптеген құрылыс нысандарын салып, нарықтағы сенімді серіктес ретінде өз орнын алған. Серіктестіктің қуатты өндірістік базасы жұмысқа қажетті барлық құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде ерітінді-бетонды торап, ұсталық және арматуралық цех, механикалық-пластикалық цех, ұсақ темірбетонды өнімдер шығаратын цех, сондай-ақ 0,36 шақырымдық кірме темір жолы бар.
«СМП-Қызылорда» ЖШС Қызылорда қаласының Арай мөлтек ауданынан жалпы көлемі 15мың ш.м аса тұрғын үй құрылысына «Сбербанк России» АҚ тарапынан несие рәсімдеді және 14% үстеме сыйақының «Нұрлы Жер» бағдарламасының «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй құрылысына ынталандыру» бағыты бойынша 7% мөлшерін «Даму» Қоры субсидиялайтын болды.
Қазіргі таңда компания өз қаражатына 2 тұрғын үйдің құрылысын толық аяқтап, қалған 2 көпқабатты үйдің құрылысын бастап та кеткен. «СМП-Қызылорда» ЖШС директоры Темірхан Әлімқұловтың сөзінше, мемлекеттік қолдаудың арқасында компанияның несие ауыртпалығы біршама жеңілдеген. – Біздің жобамыз сәтті жүзеге асып, қолдау тапқанына қуаныштымын. Аталған бағдарлама жергілікті компаниялардың құрылыс бағытына ынталандыра отырып, өзара бәсекелестіктің артуына мүмкіндік жасайды және алдағы уақыттың еншісінде бірталай жобаларымызмен осы бағытта жұмыс жалғастыруды ойлаудамыз,-дейді Темірхан Әлімқұлов.
Еске сала өтсек, «Даму» қоры «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй салатын құрылыс компанияларының несие пайызын субсидиялайды. Субсидия тұрғын үй ғимараттарын салумен айналысып жүрген кәсіпкерлердің жаңадан алатын несиелеріне беріледі. Жеке үйдің құрылысы барысында 1 шаршы метрдің құны 120 мың теңгеден аспайды. (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құнын есептемегенде).
Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында халықтың «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы екінші деңгейлі банктерден алған ипотекалық тұрғын үй несиелерінің сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау да қарастырылған.Бағдарламаның талаптары бойынша - құрылыс жүргізуші компания тұрғын үйлердің кем дегенде 50 пайызын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы, шекті бағамен өткізуі керек.

10 қараша 2017 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (1437)

15 мамыр 2018 ж.

№34 (1436)

11 мамыр 2018 ж.

№33 (1435)

06 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 811 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам